Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Елдос Сағиев
Фото: Бас прокуратураның ресми сайты

Бас прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

Елдос Сағиев еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981319-bas-prokuraturanyn-qylmystyq-qudalau-qyzmetinin-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel