Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ертісте екінші атом электр станциясын салуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанда екінші атом стансасы салынуы мүмкін
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Ертісте тағы бір атом электр станциясын салу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жандос Нұрмағанбетов бірінші станция сәтті салынып, іске қосылған жағдайда Қазақстанда қанша атом электр станциясы болатынын түсіндірді. Вице-министр бұл мәселе бойынша қазір тиісті талқылаулар жүріп жатқанын хабарлады.

"Қазақстандағы екінші атом стансасы Ертісте Курчатов қаласына жақын жерде пайда болуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртекті бейтараптық жолына түссе, онда бірнеше атом электр станциясын салудан басқа амал жоқ. Яғни Ертіс – болашағы зор алаң", – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Балқаш өңірінде, яғни Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңайында салынатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981566-qazaqstan-ertiste-ekinsi-atom-elektr-stansasyn-salu-mumkindigin-zoqqa-sygarmaidy/

pixel