Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты ұстанымы қандай: СІМ пікір білдірді

Опубликовано:

Қытай туы
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайвань төңірегіндегі жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Қазақстан "бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай аумағының құрамдас бөлігі деп санайды.

Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен БҰҰ жарғысының сақталуын қолдайды. Атап айтқанда, бұл мәселеде БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы № 2758 резолюциясын ұстанады.

Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары Қытай үкіметімен келісілуі керек деп есептеймін", - дейді Смадияров.

Айта кетейік, маусым айында Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тайвань тәуелсіздігін мойындамайтынын атап өткен болатын.

Кеше, 3 тамызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ұйымның "бір Қытай" саясатын ұстанатынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 2 тамызда АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми сапармен ұшып барды. Оның сапарын үш миллионға жуық желі қолданушысы бақылаған болатын.

Тайбэйде Пелоси Тайвань көшбасшысы Цай Инвэнмен кездесті.

Ал Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Пелосидің сапарын "империалистердің өркениетсіз кампаниясының кезекті көрінісі" деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981703-qazaqstannyn-taivan-toniregindegi-zagdaiga-qatysty-ustanymy-qandai-sim-pikir-bildirdi/

pixel