Атырау облысы әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кетті
Опубликовано:

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қызметінен кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бекенов Қайрат Әскербекұлы өз еркімен жұмыстан кетті. Оның соңғы жұмыс күні - 2022 жылғы 3 тамыз", - деп хабарлады ведомство өкілі.
Айта кетейік, Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы 15 желтоқсанда тағайындалған болатын.
Ол құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік жасады.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және үкiмет қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнің екі орынбасары қысқартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981735-atyrau-oblysy-akiminin-tagy-bir-orynbasary-qyzmetinen-ketti/