Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Беларусь әскери қызметшілері бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді (видео)

Опубликовано:

Әскерилер
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Беларусь әскери қызметшілері Қазақстан аумағында бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады. Іс-шара бүгін басталады. Бұл туралы Беларусь Қорғаныс министрлігі Telegram каналында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шетелдік ведомство хабарлағандай, Беларусь әскери контингенті Қазақстан мен Беларусь Қарулы күштерінің арнайы операциялық күштері құрамында бірлескен арнайы тактикалық оқу-жаттығуға қатысады.

Оқу-жаттығу "Көктал" полигонында (Жаркент), сондай-ақ Іле Алатауының оқу-жаттығу асулары мен шыңдары аясында 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Бірлескен оқу-жаттығу барысында арнайы операцияны жоспарлау, оқ ату, альпинистік техниканы пайдалана отырып іздестіру жұмыстарын жүргізу, артиллериялық атыстар бойынша жаттығу және ұшақтарды бағдарлау мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981958-qazaqstan-men-belarus-askeri-qyzmetsileri-birlesken-oqu-zattygular-otkizedi-video/

pixel