Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің жемқорлығы үшін отставкаға кетті

Опубликовано:

Ардақ Қаңтарбаев
Ардақ Қаңтарбаев. Фото: instagram.com/ardak_kantarbaev

Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің жемқорлығы үшін отставкаға кету туралы өтініш берді. Павлодар өңірінің басшысы оның отставкасын қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға берді. Осылайша, ол 2022 жылғы 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей қоластындағы қызметкер - қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.  

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты.  

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымын 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982278-ekibastuz-akimi-qaramagyndagy-qyzmetkerdin-zemqorlygy-usin-otstavkaga-ketti/

pixel