Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың сынынан кейін "Зерде" холдингі таратылды

Опубликовано:

офис
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін "Зерде" холдингін жабу туралы қаулы шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан республикасының үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, сәуір айында мемлекет басшысы "Зерде" холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982282-toqaevtyn-synynan-keiin-zerde-xoldingi-taratyldy/

pixel