Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайтын болды

Опубликовано:

Қазақстан Сауд арабиясына ет экспорттайды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Сауд Арабиясына қой және сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне Қазақстанның ет өңдейтін бес кәсіпорны енгізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Министрліктің мәліметінше, Сауд Арабиясына қазақстандық етті келесі компаниялар жеткізеді:

  • "Алтын қазық" ЖШС (Ақмола облысы);
  • "Ақтөбе ет кластері" ЖШС (Ақтөбе облысы);
  • "Empire Food" ЖШС (Алматы облысы);
  • "Meat Processing and Service LLP" ЖШС (Алматы облысы);
  • "Кублей" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Өткен жылдың 6-14 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының ветеринарлық қызметінің мамандары жоғарыда аталған компанияларға тексеру жүргізгені атап өтілген. Нәтижесінде оларға өз өнімдерін жергілікті нарыққа шығаруға рұқсат берілді.

"Отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда", – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982371-qazaqstan-saud-arabiyasyna-et-eksporttaityn-boldy/

pixel