Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Ізбасаров
Бауыржан Ізбасаров. Фото: ТЖМ

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Бауыржан Ізбасаров тағайындалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды.

Ведомство мәліметінше, Ізбасаров Бауыржан 1977 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Күрті ауданында дүниеге келген.

2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын "құқықтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген.

Құқық қорғау органдарында 2002 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының №2 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастады.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда болды. 2021 жылдан бастап Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982407-zetisu-oblysy-totense-zagdailar-departamentinin-bastygy-tagaiyndaldy/