Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайырбек Өскенбаев өз атын пайдаланып, азаматтарды алдамақ болған алаяқтар туралы ескертті

Опубликовано:

Қайырбек Өскенбаев
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. Фото: Ақорда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев өзінің атын жамылып, адамдарды алдамақ болған алаяқтар туралы айтты. Бұл туралы ол Telegram арнасында хабарлады.

"Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез-келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін", - деді ол.

Өскенбаевтың айтуынша, оның кейбір әріптестеріне министрдің атынан бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасаған.

Қаскөй аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын айтқан.

"Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған", - деді министр.

Осыған байланысты Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтардан осы секілді қоңырау шалып, ұсыныс жасайтындарға сенбеуді өтінді.

"Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Бос арандатушылыққа бой алдырмай, сақ болыңыздар! Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді", - деді Өскенбаев.

Одан бөлек, Қайырбек Өскенбаев осындай жағдайға тап болғандарға өзіне Instagram желісі арқылы хат жолдап немесе ИИДМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханға хабарласуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982516-qaiyrbek-oskenbaev-oz-atyn-paidalanyp-azamattardy-aldamaq-bolgan-alayaqtar-turaly-eskertti/

pixel