Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BortN1 Telegram-каналы.

Мемлекет басшысы Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бүгін, 14 тамызда мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың өмірден озғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983099-toqaev-memleket-qairatkeri-baltas-tursymbaevtyn-otbasy-men-tuystaryna-konil-aitty/

pixel