Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болды
Опубликовано:

Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген президент жарлығында.
Сонымен қатар осы қызметтерді атқарған Бақыт Сұлтанов мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983263-serik-zumangarin-premer-ministrdin-orynbasary-sauda-zane-integraciya-ministrinin-mindetterin-atqarusy-bolyp-tagaiyndaldy/