Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 7 айдағы қызметі жөнінде есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Жанат Элиманов
Қасым-Жомарт Тоқаев/Жанат Элиманов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің биылғы 7 айдағы қызметі жөнінде есеп берді.

Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес 857 іс тергеліп, 88 миллиард теңге көлеміндегі залал өтелген. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында 33 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Бюджет қаражатын жымқыру бойынша 132 іс тіркеліп, келтірілген залал 57 миллиард теңгеден асқан. Оның 53 миллиарды қайтарылған.

Үкіметпен бірлесіп қабылданған шаралар арқасында көлеңкелі экономиканың деңгейі соңғы 3 жылда 23 пайыздан 19 пайызға дейін төмендеген.

Агенттік төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке меншікті қорғау және рейдерлік фактілерге жол бермеу үшін қабылданып отырған шаралар жөнінде де баяндаған. Қазіргі уақытта 8 іс тергеліп жатыр. Атап айтқанда Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталған. Олар 18 миллиард теңгеден астам залал келтірген. 

Сонымен қатар агенттік тарапынан коммуналдық қызмет саласында тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталып, 20 монополистке қатысты 34 қылмыстық іс қозғалған. Тұтынушыларға тарифті азайту түрінде 11,6 миллиард теңге залал өтелген.

Сондай-ақ Жанат Элиманов президентке жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алуға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы туралы да ақпарат берген. Элимановтың хабарлауынша, бұл салада 36 іс қозғалған. Атап айтқанда Павлодар, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ірі сомадағы жанар-жағар майды заңсыз шығаруға жол берілмеген.

Одан бөлек агенттік төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа азық-түлік бағасын қолдан қымбаттатқан жосықсыз тасымалдаушыларға қатысты тергеу басталғаны туралы баяндаған.

Мемлекет басшысына қаржы пирамидаларының қызметін ерте кезеңде анықтау бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы да айтылды. Заңға қайшы келетін контентті қамтитын 3 мыңнан астам сайт бұғатталған. 64 іс қозғалып, 7,8 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған.

Кездесу соңында президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бизнесті және ел азаматтарының  мүддесін қорғауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983269-zanat-elimanov-toqaevqa-qarzylyq-monitoring-agenttiginin-biylgy-7-aidagy-qyzmeti-zoninde-esep-berdi/

pixel