Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Жұманғарин Бақыт Сұлтановтың жұмысына баға берді

Опубликовано:

Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин ведомствоның бұрынғы басшысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бақыт Сұлтановтың жұмысындағы көптеген қателікті қазақстандықтар атап өтуде. Олардың арасында тек қантқа қатысты мәселелер емес, басқа да өнімдер бар. Әңгіме ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты өрбіген шығар. Онда бірнеше механизм бар.

Біріншісі - түсінікті. Бізге өз өндірісімізбен жұмыс істеу керек. Бұл - өте күрделі процесс, бірнеше жылды қажет етеді.

Екіншісі - контрактация, ол бойынша бізге қазір қалай келісімшарт жасайтынымызды қарап шығу қажет. Негізінде, үкімет бұған дейін айналым схемасына бөлген қаражат жеткілікті деп санаймын", - дейді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, 15 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған еді.

Ал премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983425-zanadan-tagaiyndalgan-ministr-baqyt-sultanovtyn-zumysyna-baga-berdi/

pixel