Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды.
Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Одан бөлек Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983448-toqaev-esep-komitetinin-toragasyn-qabyldady/