Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Еуропаның үш еліндегі елші қызметінен босатты

Опубликовано:

Ерлан Ыдырысов Еуропаның үш еліндегі елшісі қызметінен босатылды
Ерлан Ыдырысов Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның үш елдегі елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ерлан Ыдырысов 1959 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітірген. КСРО СІМ Дипломатиялық Академиясының түлегі.

БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы, Америка елдері басқармасының жетекшісі, СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.

1997-1999 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ал 1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болды.

2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швеция және Норвегия Корольдіктеріндегі, сондай-ақ Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

Ал 2007-2012 жылдары Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бразилиядағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Ал 2017 жылғы ақпанда Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалады. Осы жылы тамызда Қазақстанның Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымы жүктеледі.

Е.Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясаты жөніндегі бірқатар мақаланың авторы және мемлекеттік наградалардың иегері

Ағылшын, француз, урду және хинди тілдерін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983520-toqaev-erlan-ydyrysovty-europanyn-us-elindegi-elsi-qyzmetinen-bosatty/

pixel