Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент әкімшілігінің басшысы Марат Омаровты ұжымына таныстырды

Опубликовано:

Марат Омаров
Фото: Ақорда

Президент әкімшілігінің басшысы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымына жаңа төрағаны таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент әкімшілігінің басшысы агенттіктің бұрынғы төрағасы Серік Жұманғаринге табысты қызметі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.

Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын атап өтті.

Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді.

Атап айтқанда, агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс.

Сөз соңында Президент әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983552-prezident-akimsiliginin-bassysy-marat-omarovty-uzymyna-tanystyrdy/

pixel