Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Қуаныш Ерғалиев
Қуаныш Ерғалиев. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

2009-2014 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2019 жылдары – Назарбаев университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері болған.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарған. 

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет қаулысымен Талғат Ешенқұлов Ғылым және білім вице-министрі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983626-quanys-ergaliev-gylym-zane-zogary-bilim-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/