Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің үш жаңа облысында Экономикалық тергеу департаментінің басшылары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ұлытау, Абай, Жетісу
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарындағы басшылары тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомстволардың жаңа басшылары Президент әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен тағайындалған.

Сонымен Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына Серік Есенов келді. Ол 1983 жылы 26 сәуірде бұрынғы Көкшетау облысында дүниеге келген.

Есенов
Серік Есенов. Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржы полициясы академиясын бітірген, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әр жылдары тергеуші, қаржы полициясы органдарында басқарма бастығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ал Нұрлан Кәрімов Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ол 1981 жылы 11 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Нұрлан Кәрімов
Нұрлан Кәрімов. Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржы полициясы академиясын, "Еуразия" Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын бітірген.

Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары қаржы полициясы органдарында тергеуші, аға тергеуші болып жұмыс істеген. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Экономикалық тергеу органдарында басшылық лауазымда болған.

Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Талғат Таңатаров тағайындалды.

Талғат Таңатаров
Талғат Таңатаров. Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Талғат Таңатаров 1966 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Новосибирск әскери училищесін, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмәмдаған.

Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі.

Еңбек жолы 1989 жылы Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қызметінен басталған. Әр жылдары тергеуші, әскери прокурордың көмекшісі, Қарағанды гарнизонының әскери прокуроры және еліміздің бас әскери прокурорының орынбасары болған.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарында, Қаржы министрлігінде, Экономикалық тергеу қызметінде басшылық қызметтер атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983712-elimizdin-us-zana-oblysynda-ekonomikalyq-tergeu-departamentinin-bassylary-tagaiyndaldy/