Тоқаев алдағы күндері Путинмен және Әлиевпен кездеседі
Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы алты күнде Сочи және Баку қалаларына жұмыс сапарымен барып, Ресей және Әзірбайжан басшыларымен кездеседі. Бұл туралы Bort№1 ресми Telegram-каналы хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлауынша, 19 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды.
Сондай-ақ 24 тамыз күні мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады. Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983784-toqaev-zaqyn-kunderi-putin-zane-alievpen-kezdesedi/