Тоқаев Сочиде Сириус білім беру орталығына барды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочиге сапары
Фото: Telegram/Bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей президентінің бастамасымен құрылған "Сириус" білім беру орталығында болды. Бұл туралы BORT1 Telegram-каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру орталығында
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру орталығында. Фото: Telegram/Bort_01

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сириустың" қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984061-toqaev-socide-sirius-bilim-ortalygyna-bardy-foto/