Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта мемлекет басшысы Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты көңіл айтқан.

"Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін", – деп жазылған президенттің жеделхатында.

Айта кетейік, 20 тамызда Түркияда болған екі ірі жол апатынан 30-дан аса адам көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984241-toqaev-turkiya-prezidenti-redzep-taiip-erdoganga-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel