Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тағайындаулар жасады

Опубликовано:

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тағайындаулар болды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі мен ахуалдық орталықтың меңгерушісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ал Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, дүйсенбі күні мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген болатын. Президенттің баспасөз қызметі шара барысында қару-жарақ өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қаралғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984316-toqaev-qazaqstan-qauipsizdik-kenesinde-kadrlyq-tagaiyndaular-zasady/