"Бәйтерек" холдингі мен Сбер Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөнінде мәміле жасады

Опубликовано:

Сбер
Фото: СберБанк

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен "Сбербанк тобы" "Сбербанк Қазақстандағы" ("Сбербанк" АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды. Бұл туралы ұлттық холдингтің баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

Холдингтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Сбербанк" қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдаған.

"Сбербанк Қазақстан" - өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көптеген жыл бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі.

"Сбербанк Қазақстанды" сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, "Бәйтерек" холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада банк өзінің клиенттері алдындағы барлық міндетін орындауды жалғастыратыны айтылған. Осылайша клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалатын болды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. 

"Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған "Сбербанк Қазақстан" қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратын болады. Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр", - деп хабарлады холдингтен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984451-baiterek-xoldingi-men-sber-qazaqstandagy-ensiles-bankti-satyp-alu-satu-zonindegi-mamilege-qol-qoidy/