Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжанға ресми сапармен келген Тоқаевты қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі
Фото: t.me/bort_01

Әзербайжанға ресми сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі Әзербайжан президентінің "Загульба" резиденциясында өтті, деп хабарлайды Telegram-дағы "Борт №1" арнасы.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі ел басшылары әскерилер сапын аралап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев. Фото: t.me/bort_01

Одан кейін Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалған.

Қазақстан әнұраны шырқалып жатқан кез
Фото: t.me/bort_01

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырған.

Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшыларының жеке кездесуі басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев. Фото: t.me/bort_01

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984599-azerbaizan-prezidentinin-rezidenciyasynda-toqaevty-qalai-qarsy-aldy-foto-video/

pixel