Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі БОРТN1 Telegram-каналында.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтқан.

"Ең алдымен бізге көрсеткен қонақжайлығыңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл – Қазақстан президенті ретінде алғаш рет ресми сапармен келуім. Бұл сапардың мен үшін мән-маңызы айрықша. Бүгін бірқатар өте өзекті мәселелер туралы пікір алмасулар болады. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылмақ. Ол екіжақты ынтымақтастықты, қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Ильхам Әлиев та өзінің шақыруын қабыл алып, Әзербайжанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан президентінің Бакуға келуі екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984600-toqaev-azerbaizan-prezidenti-ilxam-alievpen-kezdesti/

pixel