Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жаңа жылу электр станцияны салу туралы келісім шартқа қол қойылды

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінге дейін қызылордалықтар электр энергиясы мәселесіне алаңдап келді. Себебі қаладағы электр жылу орталығы 50-60 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасағандықтан, электр желілерінің де әбден тозығы жеткен.

Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады. Өзекті мәселелерді өз уақытында назарға алған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Энергетика министрлігімен тиісті жұмыстарды атқарып, бірлескен түрде оңтайлы шешім қабылдады. Нәтижесінде Сыр елінде бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі қуаттылығы 240 мегаватқа жететін электр орталығы салынбақ.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мамыр айындағы Сыр еліне сапары барысында министр Болат Ақшолақов мұндай мүмкіндік алғаш болып Қызылорда өңірінде бастау алғанын тілге тиек еткен еді. Таяуда ғана нысан құрылысын жүргізетін инвестор компания анықталып, алғашқы жұмыстар басталса, бүгін арнайы жиында Нұрлыбек Нәлібаев инвестор түрік компаниясының өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асыру мәселелерін қарады.

Отырысқа жаңа жылу орталығының инвесторы "Акса Энерджи" түрік компаниясының Қазақстандағы басшысы Мустафа Кемаль мен ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының директоры Гүлжан Қалижанқызы қатысып, тараптар арасында екіжақты келісім-шарт жасалды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оңтүстік өңірлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 3 жылда қуаттылығы 1000 мегаватт манервлік станциялар салуды тапсырған болатын. Жаңа нысанды салу жерлестерім үшін айтулы жаңалық десе де болады. Игілікті іске қолдау білдірген министр Болат Ақшолақовқа және шетелдік "Акса Энерджи" компаниясының басшылығына Сыр жұртының атынан алғысымды білдіремін. Аймақ тарихындағы маңызды жобаның сапалы және уақытында жүзеге асырылуы үшін бар күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді жұмсайтын боламыз", - деді Нәлібаев.

Жиында түрік компаниясының Қазақстандағы басшысы Мустафа Кемаль жаңа нысан 2025 жылы ел игілігіне берілетінін жеткізді.

"Бұл жобаның Қызылорда үшін ғана емес, Қазақстанға да берері мол болады деп сенемін. Келешекте осы нысан энергикалық қауіпсіздікті сақтауға айрықша мүмкіндік береді", - деді Мустафа Кемаль.

Басқосуда ел ағалары мен энергетика саласының ардагерлері игілікті істің алғашқы қадамына куә болып, ғасырда бір салынатын нысанды елдің несібесіне балады.

"Акса Энерджи" түрік компаниясы мазут, табиғи газ, жел генераторлары мен су электр станцияларында электр энергиясын өндіру саласындағы әлемдік тәжірибесі мол, жетекші компаниялардың бірі.

Айту керек, жалпы құны 215 млрд.теңгеден асатын жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Бұл Тәуелсіздік алған жылдары елімізде бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни шетелдік инвесторлардың қаржысына іске асырылатын ең ауқымды теңдессіз жоба!

Еске салайық, биыл облыс бойынша 23 әлеуметтік нысанның жылу қазандығы қайта жаңғыртылады. Осы жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен 676 млн.теңге бөлінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984797-qyzylordada-zana-zylu-elektr-stanciyany-salu-turaly-kelisim-sartqa-qol-qoiyldy/

pixel