Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Мұхтар Тілеуберді және Сергей Лавров
Мұхтар Тілеуберді және Сергей Лавров. Фото: Қазақстан СІМ

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы еліміздің сыртқы ведомствосы ресми сайтында хабарлады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылаған.

Одан бөлек, Қазақстан мен Ресей президенттерінің жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелерін қарастырған.

Еске сала кетейік, 19 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барып, ел президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984845-qazaqstan-men-reseidin-syrtqy-ister-ministrleri-telefon-arqyly-soilesti/

pixel