Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің жаңадан құрылған облыстарынан сенат депутаттары сайланды

Жарияланған күні:

Депутат
Көрнекі фото: pexels.com

Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, 2022 жылы 26 тамызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалық етуімен 2022 жылғы 24 тамызда өткен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткен.

Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысқан. Яғни, барлық өңірлерде кворумға қол жеткен.

Сенаттағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен.

Оның қорытындысы бойынша, сенат депутаттары болып:

  • Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

  • Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

  • Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне) сайланды.

Еліміздің Конституциясына сәйкес парламент сенатының депутаттары алты жылға сайланады. Сонымен қатар олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984986-elimizdin-zanadan-qurylgan-oblystarynan-senat-deputattary-sailandy/