Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов ЕАЭО елдерінде ұлттық валюталар арасындағы айырбас бағамында бұрмалаушылық бар екенін айтты

Опубликовано:

доллар бағамы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жұма күні, 26 тамызда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысқан премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО-да ұлттық валюталар арасындағы айырбас бағамында елеулі бұрмалаушылық бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі ұлғайғанын, тауар айналымы 4,8 пайызға өсіп, 12,6 млрд долларды құрағанын атап өткен.

Алайда премьер-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта одақ елдері бағаның, әсіресе азық-түлік тауарлары бағасының айтарлықтай өсу проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Мәселен, 6 ай ішінде ЕАЭО-да бағалар орта есеппен 12,9 пайызға артқан.  

"Сонымен қатар ұлттық валюталар арасындағы айырбас бағамдарында да елеулі бұрмалаушылықтар бар екенін көріп отырмыз, олар америкалық валютаға қатысты кросс-бағамдар арқылы айқындалады. Бұл біздің елдердегі сауда мен инфляциялық процестерге айтарлықтай әсерін тигізеді", — деді Әлихан Смайылов. 

Осыған байланысты премьер-министр ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің тиісті консультацияларын өткізуді және үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына ұсыныстар енгізуді ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985012-smaiylov-eaeo-elderinde-ulttyq-valyutalar-arasyndagy-aiyrbas-bagamynda-burmausylyq-bar-ekenin-aitty/

pixel