Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте дұрыс шешім": Скляр Шөкеевтің отставкасы туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Өмірзақ Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға өтініш беруіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл шешімді қисынды деп атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарында ұзақ уақыт басқарушылық қызмет атқарды. Оны саяси тұлға деп атауға болады.

Оның қабылдаған шешімі өте дұрыс. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, бағынысты қызметкердің кінәсі дәлелденсе, оның тікелей басшысы отставкаға кету туралы өтініш береді, оны жоғары тұрған басшылық қабылдайды немесе қабылдамайды, сондықтан оның істегені қисынға сай", - деді Скляр.

Еске салайық, кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға өтініш бергені белгілі болды. Оған Кентау қаласының бұрынғы әкімі ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылуы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985149-ote-durys-sesim-sklyar-sokeevtin-otstavkasy-turaly-pikir-bildirdi/

pixel