Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізген.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы және үкіметімен бірге екенін білдірген.

Хабар24-тің хабарлауынша, Пәкістан халқы маусымнан бері толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған су тасқынының зардабын тартуда.

Су тасқынынан 3 ай ішінде бір мыңнан аса адам көз жұмған. Арасында бала көп. Елде төтенше жағдай жарияланған. Сонымен қатар Пәкістан билігі өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қолдан келгенше көмек көрсетуін сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985293-toqaev-pakistan-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel