Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шөкеев басқарғанда Түркістанда қандай істер атқарылды

Опубликовано:

Өмірзақ Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев. Фото: Түркістан облысының әкімшілігі

2018 жылы маусым айында Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді. Жаңа өңірді дамыту, жаңа қаланы салуға басшылық жасау міндеті Өмірзақ Шөкеевке жүктелді.

Бүгін Түркістан облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. 24 тамыз күні облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішке қол қойған. Шешімді мемлекет басшысы қабылдады.

Жақында ғана отставкаға кету туралы арыз жазған Ө.Шөкеев әкім ретінде 4 жылда не істеді? Ел есінде қандай істерімен қалды? Қысқаша зерделеп көрсек...

1. Түркістан қаласының құрылысы. Небәрі бір жарым жылда 400-ден аса нысан салынды. Оның ішінде, көп қабатты үйлер, спорт нысандары, рухани-мәдени нысандар бар. "Мұз сарайы", олимпиадалық резерв мектебі, "Теннис орталығы", Б.Саттарханов спорт кешені, "Ат спорты кешені" салынды. Жыл басынан бері жалпы алаңы 365,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Межеленген жоспар 61,6 мың шаршы метрге артық жүзеге асырылған. Жоспар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 122,2%-ға орындалған. Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Яғни, барлық қаржыландыру көздерінен 855 мың шаршы метр тұрғын үй (5935 пәтер) пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең. Сонымен бірге облыс орталығында 100 мыңнан астам тұрғынға инфрақұрылым қаланды.

Өмірзақ Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев. Фото: Түркістан облысының әкімшілігі

2. 2019 жылы маусымда Арыс қаласында жарылыс болды. Тұрғындар эвакуацияланды. Оқиға орнына шұғыл жеткен Ө.Шөкеев жедел штаб құрып, арыстықтарға жан-жақты қолдау көрсетті. 40 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңір басшысы Арыста тұрып, жұмысты үйлестірді. Қаладағы 8 мыңға жуық тұрғын үй қирады. Небәрі екі ай ішінде Арыс қайта жаңарып, қалпына келтірілді. Әлеуметтік нысандар, үйлер жаңарды. Аса күрделі мәселелер шешімін тапты. Өмірзақ Шөкеев өзін кризис-менеджер екенін дәлелдеді.

3. 2020 жылы бүкіл әлемді жаулаған пандемия кезінде Түркістан облысы Өзбекстаннан тікелей 550 миллион теңгеге дәрі-дәрмек тасып, аудан-қалааралық блок-бекеттер қойды. Қатаң тәртіптің арқасында облыс 2021 жылы жасыл аймақта болды. 2022 жылғы қаңтар оқиғасында Түркістан облысында тәртіпсіздіктер болмады. Бұл — өңірде саяси жағдай тұрақты болғанының және халықпен түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілгенінің нәтижесі.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысының әкімшілігі

4. 2020 жылы көршілес Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, Мақтааралда бірнеше елдімекенді су алды. Өңірде техногенді төтенше жағдай жарияланды. Өңір басшысы Ө.Шөкеев Өзбекстанға барып, оны Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев өзі қабылдады. Нәтижесінде өзбекстандықтардың көмегінің арқасында Мақтаарал халқының егістігі қайта егіліп, Өзбекстан төтенше жағдай қызметкерлері ауылдарды судан тазартуға көмектесті. Судың арнасын бұруға қол жеткізілді. Әрбір отбасының мүддесі қорғалып, мыңдаған тұрғынға үй салынды. Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді.

5. Мақтааралмен қатар нөсер жаңбыр салдарынан Төлеби ауданын су басып, 40 үй қайта салынды. Қазығұрттағы су тасқыны да жедел бақылауға алынып, тұрғындарға нақты көмек берілді.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысының әкімшілігі

6. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуға үлес қосты. Облыс әкімінің бастамасымен "Бір жерден жылына 2-3 өнім алу", "Азық-түлік белдеуі" жобалары жүзеге асты. Ет экспорты бойынша өңір республикада 1-орынға шықты. Тамшылату және жаңбырлатып суғару технологиялары енгізілді

7. Түркістан қаласы мен Жетісай ауданында көктем кезінде далаға кететін суды жинауды қолға алды. "Кеңсай-Қосқорған" және т.б. Түркістан қаласының ағын су мәселесі шешіліп, "Шаға" жағажайы, ескек есу базасы салынды.

8. Түркістан маңында "Жасыл белдеу" құрылып, 3 миллионға жуық ағаш көшеттері егілді. Нәтижесінде жазы аптап ыстық Түркістанның ауа температурасы 0,5 градусқа төмендеді.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысының әкімшілігі

9. Өңір басшысының тапсырмасымен 1 миллион гектар жерді қайтару жұмыстары жүруде. Биылдың өзінде 500 мың гектар жер қайтарылды. Ауыл тұрғындарының жайылым мәселесі шешілуде.

10. Туризм саласында келушілер саны 5 есеге артып, өңірге тартылған инвестиция 400 млрд. теңгеден асты.

Түркістанға инвестиция тартылып, қонақүйлер, туристік нысандар ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985505-sokeev-basqarganda-turkistanda-qandai-ister-atqaryldy/

pixel