Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді
Опубликовано:

Қазақстан үкіметі Пәкістанға адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Үкімет басшысының ресми сайты хабарлағандай, бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралған.
Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болған, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қираған. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалған.
Ал 27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұраған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқанын хабарлағанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985558-qazaqstan-pakistanga-400-myn-dollar-koleminde-gumanitarlyq-komek-korsetedi/