Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын арнап жатыр. Жолдау барысында президент 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Фискалдық реттеуді қалпына келтіру мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады.

Салықтық әкімшілендіруді толығымен жаңарту қажет.

Сондай-ақ кез келген бетпе-бет өзара әрекеттесуді болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажет", - дейді президент жолдауында.

Сондай-ақ, президент кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы қажеттігін айтты.

"Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет.

Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985667-toqaev-2023-zyly-zana-salyq-kodeksi-daiyndalady/

pixel