Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын бастады. Президент бірінші бағдар ретінде жаңа экономикалық саясатты ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші бағдар - жаңа экономикалық саясат. Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасауда.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985668-toqaev-ulttyq-tabystyn-igiligin-zurttyn-bari-birdei-korip-otyrgan-zoq/

pixel