Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен жекеменшік серіктестігіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл серіктестікті жаңа үлгіге көшіру керек екенін жеткізді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісімшарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс.Осы мақсатта тиісті заң қабылдау керек", - деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы несиелік ресурстардың тапшылығы мәселесін көтерді.

"Сегізінші. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін әлі де күрделі мәселе болып отыр. Қазақстандағы орта және шағын бизнесін жете қаржыландырмау 42 миллиард долларды құрады. Оның үстіне банктерде триллиондаған өтімділік жиналып қалған.

Ол экономикаға мүлдем жұмыс істемейді. Ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу агенттігі мен үкімет бұл сектор үшін тұрақты әрі қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ететін нақты шешімдерді табу керек. Бұл мәселенің күрделігін ескере отырып, Ұлттық банкке асқан тапқырлық таныту қажет. Шетелде оң нәтиже көрсеткен мысалдар жетерлік", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985684-toqaev-memleket-pen-zekemensik-seriktestiginin-zana-ulgisine-kosu-kerek/

pixel