Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент мандатын бір мерзіммен шектеудің мәні неде: Тоқаевтың баспасөз хатшысы жауап берді

Опубликовано:

Руслан Желдібай
Руслан Желдібай. Фото: primeminister.kz

Елімізде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу, президенттік мерзімді 7 жылға ұзартып, бір рет сайлану құқығының мәні неде? Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Qazaqstan телеарнасының эфирінде арнайы сұхбат беріп, осы сұрақтарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екі мәселеге келетін болсақ, біріншісі - жеті жылдық мерзім, екіншісі - бір мерзімге ғана сайлану мәселесі. Бұл жерде мынаған ерекше тоқталып өту қажет. Қазақстанда осы уақытқа дейін әр түрлі мәселелер болып келді. Сондықтан бұл жердегі бірінші мақсат - билікте бір адамның монополияға ие болуының алдын алу.

Екінші мәселе - жеті жыл қалай дегенмен де ұзақ мерзім. Жеті жылдың ішінде кез келген адам өзінің сайлау алдында берген уәделерін, бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік алады. Мұны біз басқа елдерден де көріп отырмыз. Сондықтан бұл қадамды бірінші кезекте еліміздің саяси тұрақтылығы мен дамуына бағытталған шешімі деп санау керек", - дейді Руслан Желдібай.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін Қазақстан халқына жасаған жолдауында күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатын 7 жылға дейін ұзартып, бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985791-prezident-mandatyn-bir-merzimmen-sekteudin-mani-nede-toqaevtyn-baspasoz-xatsysy-zauap-berdi/

pixel