Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Камиль Ақатов вице-министр қызметіне тағайындалды
Камиль Ақатов. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары — "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985811-kamil-aqatov-gylym-zane-zogary-bilim-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel