Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев АҚШ Конгресінің делегациясымен кездесті

Опубликовано:

Президент АҚШ Конгресінің делегациясымен бірге
Президент АҚШ Конгресінің делегациясымен кездесуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланған.

Одан бөлек АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылған.

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өткен. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізген.

Президент АҚШ Конгресінің делегациясымен кездесуде
Президент АҚШ Конгресінің делегациясымен кездесуде. Фото: Ақорда

Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі бағыты туралы да айтып берген.

Өз кезегінде конгрессмендер мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985873-toqaev-aqs-kongresinin-delegaciyasymen-kezdesti/

pixel