Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев алдағы президенттік сайлауға қатыса ала ма

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова "Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсына ала ма" деген сұраққа қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, биыл күзде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алма Мұқанова Ата заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

"Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, Ата заңнан президент болып қатарынан екі реттен көп емес сайлану талабы тұңғыш президентке қатысты емес деген норма алынып тасталды", - деді ол.

"Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы лауазымына кандидатурасын ұсына алмайды дегенді білдіре ме" деген сауалды журналистер нақтылады.

"Ол қатыса алмайды", - деп жауап берді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985930-nazarbaev-aldagy-prezidenttik-sailauga-qatysa-ala-ma/

pixel