Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Қамзин
Қайрат Амангелдіұлы Қамзин. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Балқаш қаласы әкімі болып Қайрат Амангелдіұлы Қамзин тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі ресми сайтында.

Бұрынғы қала әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынған. Депутаттар ұсынысты бірауыздан мақұлдаған.

Қайрат Қамзин мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде жұмыс істеген.

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Приозерск қаласының әкімі, МСҚБ облыстық басқармасының басшысы болды.

2022 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986170-balqas-qalasynyn-akimi-tagaiyndaldy/

pixel