Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары
Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ибрайханов. Фото: gov.kz

Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ибрайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкімге өңір басшысы қол қойды. Кандидатуралар Президент әкімшілігімен келісілген, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өзінің жаңа орынбасарлары Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ибрайхановты облыс активіне таныстырып, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, өңірді өркендету бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.

Қанатбек Мәдібек 1977 жылы өмірге келген.

Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Сарысу ауданындағы Сумен қамтамасыз ету және кәріз кәсіпорнында инженер болып бастаған.

Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 және 2019-2020 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2021 жылғы сәуірден бастап Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария туризм салаларына жетекшілік ететін болады.

Ерболат Ибрайханов 1981 жылы туған.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "қаржы және несие", Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "құқықтану", Nottingham университетін (Ұлыбритания мемлекеті) "мемлекеттік басқару", Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 2003 жылы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында бас экономист болып бастаған.

Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаментінің жетекші маманы, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бас маманы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, тергеу департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2012 жылдары Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияларының бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы, 2016-2017 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2019 жылғы қазаннан бастап Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Ерболат Ибрайханов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, цифрлық технологиялар салалары бойынша жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986176-zambyl-oblysy-akiminin-orynbasarlary-tagaiyndaldy/

pixel