Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев пен Лиз Трасс
Фото: Борт N1 Telegram парнасы

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы

Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиз Трасс үкіметті басқарған кезеңде Ұлыбритания бұдан да гүлденген және орнықты мемлекет құру жолында табанды түрде ілгерілей беретініне сенім білдірді.

"Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді", – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986590-memleket-bassysy-ulybritaniyanyn-zana-premer-ministrine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel