Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қошанов: Мен сайлауға қатыспаймын, бірақ Тоқаевты қолдаймын

Опубликовано:

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов палата кулуарында Қазақстан президенттігіне үміткер емес екенін мәлімдеп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлауда қай партиядан үміткер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Ерлан Қошановтан "Amanat" партиясы президенттікке өз кандидатурасын ұсына ма және Қошановтың өзі оған кандидат бола ала ма деп сұрады.

"Amanat партиясы, әрине, өз кандидатын ұсынады. Менің қатыспайтыным анық. Мен президент жариялаған сайлауға да, келесі сайлауға да (сайлауларға - ред.) қатыспаймын деп ресми түрде мәлімдеймін. Бірақ мен осындай жоғары лауазымға лайықты үміткерді қолдаймын. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев. Егер ол ұсынылса, келесі сайлауда оның кандидатурасын қолдаймын", – деп жауап берді спикер.

Ол "Amanat" партиясы Қазақстанның қазіргі президентін кандидат ретінде ұсынатынын, бірақ келісу-келіспеуді Тоқаевтың өзі шешетінін айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның мүшесі болмайды, бірақ президенттікке кандидатты қоғамдық ұйым немесе партия ұсынады. Сондықтан Amanat мемлекет басшысын қолдайды. Ал президенттің өзі оны кім ұсынатынын, келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді", – деді Қошанов.

Мәжіліс спикері бүгін күздің соңына дейін кезектен тыс президент сайлауын өткізу және президенттік өкілеттік мерзімін 7 жылға дейін ұзарту туралы Конституцияға өзгертулер енгізу қаншалықты мүмкін екенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986668-qosanov-men-sailauga-qatyspaimyn-biraq-toqaevty-qoldaimyn/

pixel