Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады.

Әкімдер мемлекет басшысына өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлаған.

Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің бөлімшелері жұмылдырылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды.

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Президент премьер-министрге төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986812-toqaev-akimderdin-ort-sondiru-zumystary-turaly-esebin-tyndady/

pixel