Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путиннің Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында болады. Көрші елдің басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеске қатысады, деп жазады РИА Новости басылымы.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және Нұр-Cұлтан қаласында өтетін ТМД саммитіне қатысады. Бұл туралы Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.

Іс-шара 12-14 қазанға жоспарланған.

"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске біздің жетекшіміздің қатысуы көзделіп отыр және Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасы, дәлірек айтсақ, 12-14 қазан", – деді Ушаков журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986847-putinnin-qazaqstanga-qasan-keletini-belgili-boldy/

pixel