Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы мемлекеттік сапармен келеді
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.
"Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды.
Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде орын алған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987132-qazaqstanga-qytai-xalyq-respublikasynyn-toragasy-memlekettik-saparmen-keledi/