Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев өрт сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан Тоғызбаевты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: t.me/bort_01

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының өрт сөндірушілерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) –  Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі  

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

"Ерлігі үшін" медалімен

Нұрлан Сәлімжан – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.     

Айта кетейік, өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев Жарма ауданында орын алған тілсіз жауды сөндіру барысында қаза тапқан еді. 36 жастағы азаматтың артында бес баласы қалды. Ол бұл салада 2019 жылдан бері қызмет етіп келген.                   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987133-toqaev-ort-sondiru-kezinde-kuiik-salyp-qaza-tapqan-aidos-togyzbaevty-marapattady/

pixel