Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Опубликовано:

Тоқаев Си Цзиньпинді қарсы алды
Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды мемлекет басшысының ресми БОРТ N1 Telegram-каналы.

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қытай басшысының елімізге келуі оның пандемиядан кейінгі шетелге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987207-qazaqstanga-resmi-saparmen-qxr-toragasy-si-czinpin-keldi/

pixel